=> : Негізгі
Біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Печать E-mail
Жаңалықтар - Облыстың білім беру жаңалықтары
28.09.11 10:55

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы  қарсаңында  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысымен 2011 жылғы 6 шілдеде   «Біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық  Қоғамдық Бірлістігі құрылды.

Ұйымның мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру , балалар мен жас өспірімдерді  қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу. Ұйымның төменгі буынына («Жас Қыран») - 1-4 сынып оқушылары, жоғарғы буынына (Жас Ұлан) – 5-11 сынып оқушылары қабылданады.

26 тамыз күні «Біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» (бұдан әрі- «Жас Ұлан») Құрылтайы өтті. Ұйымның Кеңес мүшелері, жұмыс жоспары қабылданып, ресми нышандарды бекітілді. Ұйым төрайымы болып Бөлтірікова Назира сайланды. Сонымен қоса ұйымның ережесін дайындау жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының жобаны әзірлеу нәтижесі бойынша қазан айында ұйымның Ережесі бекітіледі. Осы құжат негізінде әр мектепте ереже қабылданады.

2011 жылы 1 қыркүйекте Астана қаласы № 66 мектепте Елбасы Н.Ә.Назарбаев Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымның алғашқы мүшелерән салтанатты түрде қабылдады.

«Жас Ұланға» мүшелікке екінші толқынды қабылдау Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына  орай 16 желтоқсанда өткізу жоспарлануда . «Жас Ұланның» одан әрі дамуын қамтамасыз ету үшін облыс мектептері ішіндегі балалар мен жас өспірімдерді «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері болуына іс-шаралар өткізіледі.
 
Баннер
Баннер
Баннер
Баннер
Баннер
Баннер
  • akorda.kz
  • kostanay.gov.kz
  • www.edu.gov.kz
  • government.kz
  • e.gov.kz
  • www.hcsbk.kz
  • www.fingramota.kz
  • adilet.minjust.kz

Бөліс