=> : Негізгі
Оқушылардың Республикалық ғылыми жарысының II кезеңінің қорытындысы туралы Печать E-mail
Жаңалықтар - Облыстың білім беру жаңалықтары
29.12.09 12:55

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 11 қарашадағы № 513 бұйрығы негізінде оқушыларды ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметке талпындыру, сонымен қатар дарынды және талантты балаларды іріктеу және қолдау мақсатында 2009 жылдың  25 желтоқсанында оқушылардың Республикалық ғылыми жарысының  II кезеңі өтті.

Осы оқу жылында ғылыми жарысқа қатысу үшін 329 ғылыми жоба жіберілді.

Пікір беру жұмысы мен таңдаған бағыттағы пәннен іріктеу тестілеудің қорытындысы бойынша 174 жоба -  облыстық кезеңге өтті. Облыстық кезеңге 210 автордың 173 ғылыми жобасы қатысты.

Облыстық ғылыми жарыстың жүлдегерлері болып 108 оқушы-автордың 90 ғылыми жобасы аталды. Оның ішіндегі 25 жоба мемлекеттік тілде, 18 жоба командалық болды. Ең көп жүлделі орынға ие болған (13) Қостанай қаласының командасы, оның ішінде 3-бірінші орын, 4-екінші және 6-үшінші орын болды. Рудный қаласының оқушыларының 12 жобасы жүлделі орынға ие болды: 2- бірінші орын, 6-екінші, 4-үшінші орындар; Жітіқара қаласы: 1-бірінші, 3-екінші,

4-үшінші; Лисаков қаласы: 3-екінші және 5-үшінші орындар. Арқалық қаласының оқушылары 3 жүлделі орынға ие болды: 2-бірінші, 1- екінші орындар.

«Озат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары 11жүлделі орынға ие болды: 1 бірінші орын, 4 екінші орын және 6 үшінші орын; Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары -  9 жүлделі орын алды:  2 бірінші орын, 1 екінші, 6 үшінші орын; дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының оқушылары 5 жүлделі орынды иеленді: 1 бірінші орын, 1 екінші, 3 үшінші.

Ауыл мектептерінің қатысушыларынан жүлделі орындарға ие болған Алтынсарин (1 жүлделі орын), Амангелді (3), Әулиекөл (2), Жангелдин (1), Қамысты (1), Қарасу (2), Қостанай (5), Меңдіқара (1), Сарыкөл (1), Федоров (4) аудандарының оқушылары.

2009 жылдың 26 желтоқсанында Республикалық ғылыми жарыстың III кезеңінің I туры өтті (жетекші пән бойынша тестілеу). 107 тестіленген оқушылардың ішінен (1-і қатысқан жоқ) 55 ғылыми жобаның 71 оқушы-авторлары, ол (66,3 %) құрайды, жетекші пән бойынша жалпы балл санының  50 % -нан жоғары балл жинады.

ІІІ кезеңнің II турына (жобаның алдын ала сараптамасы) барлығы 120 балл ішінен 60 балдан жоғары алған 71 оқушының 55 жобасы жіберілді: 8 жобадан –Қостанай қаласы, Рудный қаласы, «Озат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты,  5 жобадан –Жітіқара ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты,  дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты, 4 жоба –Қостанай ауданы, 3 жоба –Лисаков қаласы, 2 жобадан – Арқалық қаласы мен Федоров ауданы, 1 жобадан - Амангелді, Әулиекөл, Қарасу, Меңдіқара,  Сарыкөл аудандары.

 
Баннер
Баннер
Баннер
Баннер
Баннер
Баннер
  • akorda.kz
  • kostanay.gov.kz
  • www.edu.gov.kz
  • government.kz
  • e.gov.kz
  • www.hcsbk.kz
  • www.fingramota.kz
  • adilet.minjust.kz

Бөліс